Центр обслуживания инвесторов
Инвесторларға қызмет көрсету орталығы – инвестициялық жобалардың, инвесторлар мен мемлекеттік қолдау құралдарының бірыңғай интеграторы.
ИҚКО қызметінің негізгі мақсаты – өңірге инвестициялар тарту.
Орталықтың қызметтеріне:
- Сіздің жобаларыңыз үшін шетелдік және отандық инвесторларды іздеу;
- Өңірлік деңгейде мемлекеттік құралдарды іске асыруға қолдау көрсету;
- Өңірдің басымды және қолданыстағы инвестициялық жобалары бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру және жүргізу;
- Облыс аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі;
- Инвесторлар және мемлекет, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында өкілдік алаңды құру;
- Өңірлік деңгейде инвесторлардың шешімін таппай отырған мәселелерін шешуге қатысу;
- Инвесторлардың мемлекеттік органдармен, даму институттарымен келіссөздерді, кездесулерді, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыруға қолдау көрсету;
- Инвестициялық іс-шараларда өңірді мүддесін қорғау;
- «KAZNEX INVEST» ЭИҰА» АҚ инвестициялық жобалар мен инвесторлар мәліметтер базасын сүйемелдеу кіреді.
Біздің қызметтеріміз
Инвесторларға, кәсіпкерлерге, жобалардың, идеялардың авторларына, жаңашылдарға, кәсіпкерлік қызметтің дамушы кәсіпорындары мен өзге қатысушыларына арналған.
Инвесторлармен жұмыс:
- Ақпараттық немесе сервистік қолдау;
- Инвесторлар үшін тартымды, отандық әріптестер мен жобаларды, өндірістік алаңадарды іздеу;
- Жергілікті мемлекеттік органдрмен, бизнес субъектілерімен келіссөздер, кездесулер ұйымдастыру;
- Инвестициялық іс-шаралар өткізу.
Жобалардың бастамашыларымен жұмыс:
- «KAZNEX INVEST» ЭИҰА» АҚ инвестициялық жобалар ұлттық базасында жобаның паспортын орналастыру;
- Жобаны іске асыруда ӘКК қатысуы, сондай-ақ «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ жарғылық капиталындағы үлесі 49% шектеледі;
- Шетелдік және отандық әріптестер мен инвесторларды іздеу;
- Индустриялық аймақтарда кәсіпорындарды орналастыру.
Жобалардың авторлары болып қолданыстағы кәсіпорындар да шыға алады.