Еншілес және тәуелді компаниялар
«Өскемен әуежайы» АҚ

ӘКК-ның жарғылық капиталына қатысу үлесі: 100%.
Директор: Короленко Николай Иванович
Қызметі: Әуе тасымалын жүзеге асыру
Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., ул. Бажова, 56
Телефоны: 8 (7232) 77 84 84

«Өскемен әуежайы» АҚ «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №1200 қаулысына сәйкес  1998 жылғы 28 желтоқсанда құрылды. Құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады. «Өскемен әуежайы» АҚ-ның барлық қызметтері халықаралық стандарттармен сертификатталған.

«Семей халықаралық әуежайы» ЖШС

ӘКК-ның  жарғылық  капиталына  қатысу үлесі 100% құрайды.
Директоры: Оразгалиев Серик Муратбекович
Қызметі: Әуе тасымалын жүзеге асыру
Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңға сәйкес «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының шешімінің негізінде құрылды. Мемлекеттік тіркеу туралы 2012 жылғы 23 маусымдағы № 3536-1917-27 куәлік.

«Семей халықаралық әуежайы» ЖШС әуеайлақты 25.11.2003ж. ҚР ККМ ААА-мен берілген №15-СР әуеайлағын тіркеу туралы куәліктің  және әуеайлағының жарамдылығы  туралы  ҚР ККМ ААА-мен берілген 15.01.2012ж.  сериясы АРД № 000024-12 сертификаттың негізінде пайдаланады.