Послание Президента

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) – тауарлар мен қызметтерді өндіру және сатудан пайда табу мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын, тұрақты бизнес-құрылым болып табылады. ӘКК-ның коммерциялық корпорациялардан негізгі айырмашылығы, түскен пайда ӘКК құрылған аймақтағы халықтың әлеуметтік, экономикалық және мәдени мақсаттарын жүзеге асыру үшін қайта инвестицияланатын болып табылады.
Қазақстанда ӘКК-н коммуналдық жеке меншікті, жерді, жаңа бизнес құру үшін пайдасыз, бірақ әрекет етіп тұрған кәсіпорындарды тапсыру арқылы әр түрлі өңірлерде құруға болады. Әр ӘКК өз алдына бір өңірлік даму институты болуы тиіс және еліміздің тиісті өңірінде мемлекеттік активтерді басқарушы холдинг компаниясы болып саналуы мүмкін. Кейін ӘКК-дың басқару тәжірибесін жинауларына және капиталдандыру деңгейінің артуына қарай, өңірлік және халықаралық нарыққа шығумен олардың «жауапкершілік саласын» кеңейту және әртараптандыруға мүмкіндіктері бар.
Бұл корпорациялардың қызметі жаңа жобаларды тартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, кооперацияны күшейтуге бағытталатын болады. Нәтижесінде ӘКК-ы мемлекетке мемлекеттік қызметшілер санының көбеюімен салмақ салмай, ірі жұмыс берушілерге және елді дамытушы «локомотивтерге» айналады. .